Алматыда екі ай бұрын жоғалып кеткен қыздың сөмкеге салынған мәйіті табылды

Күдікті бастапқыда қылмысын мойындамай, кейін мойындап, мәйітті көмген жерін көрсеткен.

Алматыда екі ай бұрын жоғалып кеткен қыздың сөмкеге салынған мәйіті табылды
фото: ktk.kz
Автор
Админ
460

Алматы облысы Қырбалтабай ауылының 26 жастағы тұрғынының өліміне қатысты тың мәлімет шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айша Хамит белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Бойжеткен 26 қарашада Алматыға құрбысының туған күніне кеткен. Кешкісін әпкесіне өзін жігіті алып қашып кеткенін жазған. Одан кейін байланысқа шықпаған. Телефоны өшіп қалғаннан кейін жақындары алаңдап, іздеуге кіріскен. Кейін құқық қорғаушылар қызды ұрлап кеткен күдікті жігітті ұстаған.

Айша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Аурушаң әпкесіне қараған. Әлеуметтік желіде емшіні тауып, сол емшінің кеңсесіне барғанда күдікті жігітпен танысқан. Жігіт оған көңіл білдіріп, кейін қызға 2 млн теңгеден астам несие алдыртқан.

«Соңғы кездесуінде Айша жігіттен ақшаны қайтаруды, егер қайтармаса бәрін ата-анасына айтатынын, арыз жазатынын айтқан. Сол кезде жігіт оны өлтіріп, қыздың денесін дачаға көміп тастаған. Қыздың сөмкеге салынған денесі екі айдан кейін дачада, қар астынан табылды», - дейді әпкесі Асия Хамит.

Күдікті Нұрмахан есімді жігіт, Түркістан облысының 19 жастағы тумасы.

Бастапқыда қылмысын мойындамай, кейін мойындап, мәйітті көмген жерін көрсеткен.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті 15 жылға сотталуы мүмкін.

 

Серіктес жаңалықтары