Бейжің Олимпиадасының жүлдегері лауазымды қызметке тағайындалды
Бұл туралы Атырау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман Чилманов Атыраудағы олимпиада резервін дайындау орталығының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Атырау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.
«2025 жылға 4 ақпанда Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Олимпиада резервін дайындау орталығы» КММ директоры болып Чилманов Арман Константинович тағайындалды», - делінген хабарламада.
Арман Чилманов 1984 жылы дүниеге келген. Таеквондодан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері.
Сондай-ақ ол әлем чемпионатының екі дүркін қола (2007, 2009 жылдары), Азия чемпионатының екі дүркін қола (2002, 2008 жылдары), екі дүркін күміс (2010, 2012 жылдары) жүлдегері әрі 2006ыыыыыыыыыыыы жылы Азия чемпионы болған.
Бұдан бөлек, Арман Чилманов Азия ойындарының үш дүркін қола (2002, 2006, 2010 жылдары) жүлдегері атанған.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және «Құрмет» орденінің иегері.
2003 жылдан бері спорт нұсқаушысы, таеквондодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы, Атырау аймақтық спортты дамыту орталығы директорының орынбасары, Қазақстан