Павлодарда есірткі таратқан әйел ұсталды

Тінту іс-шаралары барысында әйелден 9 орама тәркіленді.

Павлодарда есірткі таратқан әйел ұсталды
Polisia.kz
144

Павлодарда Telegram арқылы белгісіз тұлғаларға заңсыз есірткі сатуды жоспарлаған әйел ұсталды.

Тінту іс-шаралары барысында әйелден 9 орама тәркіленді. Сондай-ақ, оның телефонынан тыйым салынған заттарды таратуға арналған кэштердің бағыттары анықталған.

«Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 5 грамға жетті. Сараптама нәтижесі бойынша оның Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған синтетикалық есірткі екені анықталды. Бұл дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау немесе өткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлімдеді полиция.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары