345
Қарағанды облысында жоғалып кеткен екі адам табылды
Олардың автокөліктері жолда қалған.

Бүгін күндіз Қарағанды облысы Балқаш қаласынан 140 шақырым жерде Саяқ кенті бағытында құтқарушылар екі ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады turkystan.kz.
Олар кеше түнде Балқаш қаласы бағытында сорғы станциясынан автокөлікпен шыққаннан кейін байланысқа шықпай қалған.
ТЖМ іздестіру тобы Ащыөзек станциясына дейін 20 шақырым жерде жоғалғандарды тауып алды, белгілі болғандай олар қар құрсауында қалып қойып, қозғалысты жалғастыра алмады.
Автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылып, Балқаш қаласына дейін жеткізілді.