Алматыдағы ірі сауда базарлары жөндеуден өтеді
Министрліктің Жол картасына сай Алматыдағы «Арлан», «Батыр», «Тұлпар, «Арыстан», «Жібек Жолы», «Азия», «Тау самалы», «Береке», «Сауда кент» және «Сарыарқа» базарларында жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Биыл елдегі базарларды жаңғыртуға арналған Жол картасы аясында Алматыдағы 10 базар модернизациядан өтеді.
Сауда және интеграция министрілгінен мәлім еткендей, Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әділбеков Алматы қаласында орналасқан 4 базардың алдағы жаңғырту жұмыстарына дайындығын көріп қайтты.
Министрліктің Жол картасына сай Алматыдағы «Арлан», «Батыр», «Тұлпар, «Арыстан», «Жібек Жолы», «Азия», «Тау самалы», «Береке», «Сауда кент» және «Сарыарқа» базарларында жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Базар иелері бұл жұмыстарды 2025 жылдың желтоқсанына дейін аяқтауы керек.
– Базарларды жаңғырту – бұл тек қана бизнес өкілдеріне жағдай жасау емес, сатып алушылар үшін қолайлы орта құру. Дегенмен жергілікті әкімдікте құрылыс құжаттарына келісім беру әдетте созылып кетеді. Базар иелері көп жағдайда осы бойынша шағымданады. Эскиз, жұмыс жобасы сияқты құжаттардың келісілуі ұзақ уақыт алатынын күнделікті өмірде де көріп жүрміз. Базарларды жаңғырту жұмыстары уақыты аяқталуы үшін жергілікті әкімдіктерді кәсіпкерлермен дер кезінде бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз, – деді Айдар Әбілдабеков.
Алматыда қазір 38 сауда базары бар. Оның төртеуі арнайы базар болса, қалған 34-і әмбебап. Сауда заңнамасына сай сауда базарлары өз аумағында көлік тұрағымен қамтылған, сауда орындары санитарлық және өрт қауіпсіздік талаптарына сай, онлайн төлем жүргізу мүмкіндігі болуы шарт.
Айта кетейік, 2025 жылдың соңына дейін жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген базар иелері келер жылдың басынан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылады.