Қайнар Алагөзов көлік жүргізушілеріне әсерлі үндеу жасады

Ол өлең шумақтары арқылы көлік иелерін аса сақ болуға және жылдамдықты шектен асырмауға кеңес берді.

Қайнар Алагөзов көлік жүргізушілеріне әсерлі үндеу жасады
Polisia.kz
348

Ақтөбелік ақын Қайнар Алагөзов автокөлік жүргізушілеріне әсерлі үндеу жасады. 

Ол өлең шумақтары арқылы көлік иелерін аса сақ болуға және жылдамдықты шектен асырмауға кеңес берді. 

Аманаттың артып алып ауырын,

Көлік айдап, жолда жүрген бауырым,

Дұға қылып күтіп отыр артыңда,

Әкең, анаң, балаң, жарың, бауырың.

 

Фура айдаған, альфард мінген батырым,

Алқынғанмен алдыңда мың шақырым.

Жылдамдықты 110-ға да жеткізбе,

Бақыт деген келеді өзі ақырын.

 

Жаннан артық көріп жүрген көлігің,

Талайлардың жалмап кеткен өмірін.

Алдындағы машинадан озам деп,

Бұл өмірден озып кетті көп інім.

 

Сені ойлайтын адамдардың барын біл,

Тәнің темір болғанымен жаның гүл.

Шалбарыңның ременінде шаруам жоқ,

Машинаңның ременін тағып жүр, - деді ақын. 

Серіктес жаңалықтары