Хромтауда автотұрақ қызметкері адам өлтіріп, 11 жылға сотталып кетті

Оқиға өткен жылдың 8 желтоқсанында болған.

Хромтауда автотұрақ қызметкері адам өлтіріп, 11 жылға сотталып кетті
istockphoto.com
192

Хромтау қаласында автотұрақ қызметкері кемпингтің әкімшісіне өткір затпен өлтіріп қойды.

Облыстық прокуратура мәліметінше, адам өлтіру дерегі үш күн ішінде анықталды. Оқиға өткен жылдың 8 желтоқсанында болған.

«Аталған дерек бойынша ҚК-тің 99-бабының 1-бөлігімен «Адам өлтіру» сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, процесс прокуроры тағайындалды.

10.12.2024 жылы аудан прокуратурасымен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

16.01.2025 жылы сот үкімімен Қ. деген сотталушы кінәлі деп танылып, аса ауыр дәрежедегі қылмысты жасағаны үшін 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары