Қаңтарда қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 4,5 млрд долларды құрады

Қаңтар айында Ұлттық қордан 850 млн АҚШ долларына валюта сатылды.

Қаңтарда қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 4,5 млрд долларды құрады
istockphoto.com
Автор
Админ
161

Қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 518,2 теңгеге дейін 1,3%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 254 млн АҚШ долларынан 227 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Қаңтар айында Ұлттық қордан 850 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл  республикалық бюджетке трансферттер бөлуге, сондай-ақ «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 19%-ын немесе күніне шамамен 43 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді.

Серіктес жаңалықтары