182
Ақтауда бірнеше шағынаудан жарықсыз қалды
Осыған байланысты Ақтау электр желілері басқармасы түсініктеме берді

Ақтауда 34, 38 және 39-шағын аудандарда электр қуаты өшті, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
2 ақпан күні сағат 10:48 шамасында 34-шағын ауданның тұрғындары электр жарығының өшкеніне шағымданды.
Таңертеңнен бері жарық жоқ. Соңғы уақытта мұндай жағдай жиі қайталанып жүр, — дейді тұрғындар.
Осыған байланысты Ақтау электр желілері басқармасы түсініктеме берді.
Қазіргі уақытта біздің бригада 34, 38 және 39-шағын аудандарда электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деп хабарлады кәсіпорын.