Құлсарыда полицей өрт шыққан үйден ер адамды құтқарып қалды

Денесін күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілді

Құлсарыда полицей өрт шыққан үйден ер адамды құтқарып қалды
Видеодан алынған кадр
182

Құлсарыда полиция қызметкері денесі күйік шалған 70 жастағы ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

1 ақпан күні Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Біржан Зинуллин тұрғын үйлерді аралау барысында үйден өрт шыққанын байқап, көмекке барған. Ол түтінге оранған үйден денесі күйік шалған 70 жастағы ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, бірден өртті сөндіруге кірісті, – делінген хабарламада.

Алдын ала ақпарат бойынша өрттің шығуына темекі тұқылы себеп болған. Денесін күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары