Астанада 1 ақпан кешінде Шерхан Мұртаза көшесінде болған жол апатының салдарынан автокөлік өртеніп кетті.
Tengrinews.kz мәліметінше, оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі жетті.
Қазіргі уақытта жол апатында қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.