Ақтөбеде мас жүргізуші тапаншамен ұсталды

/
Ақтөбеде мас жүргізуші тапаншамен ұсталды
istockphoto.com
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтөбеде патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған BMW автокөлігін тоқтатып, оның жүргізушісінің мас екенін анықтады.

Облыстық ПД мәліметінше, тексеру барысында 34 жастағы жүргізушінің 2022 жылы көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғаны белгілі болған. Сараптама нәтижесі оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті.

Куәгерлердің қатысуымен көлікті тексеру кезінде полицейлер оқ-дәрісі бар сигналдық тапаншаны тауып, тәркіледі.

Құқық қорғау органдары мас күйде көлік басқару және заңсыз қару сақтау фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары