55
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» атты акциясы өтті
«AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалы «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен аудан аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» атты акция өтті.
Аталған акцияның басты мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға, баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға, сондай-ақотбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы халыққа кеңінен таныстыру. Акция аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша аудан тұрғындарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Отбасылар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріліп, жеке кездесулер өткізіледі.
А.МАЙЛЫБАЕВА,
«Жібек жолы» бастауыш партия ұйымының төрағасы