Ақтауда бапкер қызды ұрлап әкетіп, зорлаған басты күдікті өмір бойына сотталды
Іс жабық режимде қаралды.

Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық алқасы Ақтауда жаттықтырушы қызды ұрлап әкетіп, зорлаған басты фигуранттың жазасын күшейтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот Нұргелді Сейтқалиевті өмір бойына соттады. Тағы бір сотталушы 16 жылға, қалғандары 13 жыл 6 айға және 13 жылға сотталды.
Айта кетейік, қайғылы жағдай өткен жылдың мамыр айында болған. 30 жастағы жаттықтырушы қыз тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен. Полиция «Өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бейтаныс бес жігіт бойжеткенді жұмыстан қайтып келе жатқан жолда ұстап алып, күштеп көлікке салып әкеткен. Түні бойы қаланы аралап, қызды зорлап, таңертең қыздың атына 2 млн теңге несие алдыртып, қоя берген. Мұндай қорлыққа шыдамаған бойжеткен бірнеше күннен кейін көпқабатты үйден секіріп кеткен.