Павлодарда зейнеткерді тонау сәті видеоға түсіп қалды

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Павлодарда зейнеткерді тонау сәті видеоға түсіп қалды
istockphoto.com
Автор
Админ
141

Оқиға күндіз Сәтпаев көшесіндегі үйдің кіреберісінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зейнеткер дүкеннен қайтып келе жатып, лифт жанында бір ер адамды кездестірген. Екеуі бірге лифтіге кірген, бірақ бірнеше секундтан кейін күдікті зейнеткердің пакетін қолынан тартып алып, лифтіден жүгіріп шыққан.

Ер адам қолды қылған пакеттің ішінде зейнеткердің 190 мың теңгесі салынған әмиян болған. Жәбірленуші бірден полицияға хабар берген.

Полиция қызметкерлері күдіктінің түр-әлпетіне ұқсас азаматты ұстады. Ол бұрын сотталған қала тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Серіктес жаңалықтары