Жазғы Азиада-2026: Балуан Эльмира Сыздықова күміс жүлдегер атанды

/
Жазғы Азиада-2026: Балуан Эльмира Сыздықова күміс жүлдегер атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен кезекті жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, 76 келідегі Эльмира Сыздықова өз мансабында алғаш рет Азиаданың финалына шығып, Париж Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы Юка Кагамиге (Жапония) қарсы күресті. Нәтижесінде белдесу 1:5 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.

Бүгінгі жарыс барысында жерлесіміз Даваанасан Енх-Амарды (Моңғолия) 4:1 және Венжи Лиді (Қытай) 9:8 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Эльмира Сыздықова өз мансабында 2018 жылы Азиаданың қола жүлдесін еншілеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар