315
Елордалық дәрігер ұшақ бортында зейнеткерді құтқарып қалды
Дәрігер Қарлығаш Бакирова лезде әрекет етіп, қарт адамның өмірін сақтап қалды.
Астана-Мәскеу бағытында рейсте 85 жастағы жолаушының қан қысымы артып, шұғыл медициналық көмек қажет болды.
Астана медицина университетінің түлегі, отоневролог дәрігер Қарлығаш Бакирова реанимация жасап, пациенттің жағдайын тұрақтандырды.
Дәрігер шұғыл қонуға ұсыныс жасап, ұшақ Уфа әуежайына қонды. Жолаушы дәрігерлердің қолына тапсырылып, жағдайы жақсарды.
Бұл – осы айда Астана медицина университетінің түлегі екінші рет ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды.