164
Қостанай облысында шекараны кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды
Олар Қазақстан аумағынан шығарылды.
Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы Шекара қызметімен бірлесіп, Денисов ауданында мемлекеттік шекараға жақын жерден екі шетелдік азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Заң бұзушылар Қазақстан – Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған. Олардың мұндай қадамға баруына Ресей аумағынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін депортациялануы себеп болған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мемлекеттік шекара режимін бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан аумағынан шығарылды.