Алматыда офицердің қызы дәрігерге қол жұмсаған (ВИДЕО)

Жанжал 2024 жылдың қарашасында болған.

Алматыда офицердің қызы дәрігерге қол жұмсаған (ВИДЕО)
Сурет: www.istockphoto.com
287

Аиша Усманова есімді алматылық гинеколог науқастың қолынан зардап шеккенін айтып шағымданды. Дәрігер қатты жарақат алып, сотқа жүгініп үлгерген, деп хабарлады turkystan.kz порталы Qaz365.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Аиша Усманова әлеуметтік желіде айтты.

Тәуліктік ауысымнан кейін есепті қабылдау бөлмесінде аяқтадым, онда келген ауысымның дәрігері емделушіге кеңес берді. Кеңес беру кезінде науқас бастапқыда өзін дұрыс емес, агрессивті ұстады. Әдеттегідей, өзіне-өзі диагноз қойып, дәрігерден қандай да бір әрекеттер жасауды талап етті. Бұл ретте ол талдау нәтижелерін күтуден және оның нақтылаушы сұрақтарына жауап беруден бас тартты, - дейді Аиша Усманова.

Оның айтуынша, науқас осыдан кейін өзін әлдеқайда агрессивті ұстай бастады деп отыр. Сосын компьютердің мониторын жұлып алып, әдейі түсірген.

Мен осы уақытқа дейін араласқан жоқпын, бірақ ол аурухана мүлкін бүлдіре бастағаннан кейін көмекке шақырып, науқасқа не болып жатқанын бейнетаспаға түсіре бастадым, - дейді дәрігер.

Оның айтуынша, ашулы әйел де бейнеге түсіре бастаған және оның әріптесін жұдырықтаған.

Содан кейін бір сәтте маған қарай бұрылып, телефонмен бетімнен қатты соғып, оң көздің жоғарғы қабағының терісін жарып тастады. Сол сәтте қатты қан аққанын түсінбедім. Әріптесімнің маған үрейлене қарағанын ғана көрдім. Бетімде бірдеңе жылынғанын сезгенде қолымды бетіме көтеріп, қолымдағы қанды, содан кейін киімім мен едендегі қанды көрдім, - деп қосты Айша Усманова.

Дәрігердің айтуынша, бұл науқастың тоқтауына әсер етпеген, ол екінші дәрігерді ұрып-соғып, оның жамбасын теуіп, ернін жырған, кеудесін тістелеген.

Оған ештеңе болмайды, оның әкесі офицер! Сол кезде күзетшілер келіп, пациентті дәрігерден алып кетті, ал мені таңып-байлау бөлмесіне кіргізді. Қансырауды тоқтату үшін хирургиялық тігістер салды. Сонымен қатар, соққы қатты болғандықтан, бас миым шайқалды, — деді дәрігер.

Зардап шеккен дәрігерлер полицияны шақырып, сотқа жүгінген. Әйел қоғамдық жұмыстарға тартылып, 200 мың теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.

Сот кезінде науқас кешірім сұраудың орнына, оған тіл тигізіп, қорлаған, - дейді зардап шегуші.

Серіктес жаңалықтары