173
Елімізде «Бірге кітап оқиық» атты ауқымды жоба басталды
Қазақстанда «Бірге кітап оқиық» атты ауқымды кітап жобасы басталды.
Оның негізгі мақсаты - аудиторияның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, пта-аналарды балаларымен бірге кітап оқуға шақырып, отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру және балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқудан сауатты бәсеке орнату.
Жоба аясында жаңа YouTube-арна ашылмақ. Оны белгілі блогер, «Жалғыз жолаушы» жобасының авторы Санат Ілияс пен журналист Жаңабике Қабылда жүргізеді.
Жоба аясында апта сайын келесі оқылатын кітаптың аты жарияланады. Авторлар күн сайын әлеуметтік желілерде кітапты талқылап отырады. Жобаның соңында кітап авторымен немесе белгілі жазушы-публицистпен, не кітаптағы кейіпкермен тағдыры ұқсас адамдардан сұхбат алынады.