Павлодарда жасырын есірткі зертханасынан 1,5 тонна прекурсор тәркіленді

Павлодарда жасырын есірткі зертханасынан 1,5 тонна прекурсор тәркіленді
ҰҚК
130

Павлодарда жасырын зертхана табылып, 1,5 тоннада астам есірткі және есірткі жасауға арналған заттар табылды.

ҰҚК мәліметінше, 18 қаңтарда прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-нің «Бүркіт» арнайы бөлімшесін қатыстырумен Павлодар қаласында есірткі зертханасын жою бойынша операция өткізді.

 «Психотроптық заттарды дайындау кезінде Қазақстан азаматын ұстап, соттың санкциясымен қамауға алды.

Тінту барысында 20 килограмнан аса «Мефедрон» есірткі заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен 1,5 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары