Павлодар облысында дәмдеуіштер сатылатын орында есірткі саудаланған

Сот үкімімен кінәлі тұлға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Павлодар облысында дәмдеуіштер сатылатын орында есірткі саудаланған
istockphoto.com
124

Павлодар облысы Железин ауданының прокуратурасы полициямен бірлесіп, кинологиялық қызметті тарта отырып жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында ауылдық округтердің біріндегі жеке тұрғын үй аумағынан шамамен 2 кг марихуана тапты.

Сот үкімімен кінәлі тұлға Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тағы бір жағдайда, облыс прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Олар кондитерлік көкнәрді сатудың атын жамылып, оның тұқымдары мен кептірілген көкнәр сабанынан дайындалған есірткі заттарын таратумен айналысқан.

Қаскүнемдер азық-түлік дәмдеуіштерін сататын орындар ашып, негізгі мақсаттары есірткіге тәуелді адамдарға көкнәр қоспасын сату болған.

Есірткі заттарын тарату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұл бағытта тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпады.

Серіктес жаңалықтары