Ертіс өзенінің үстіне шығып, селфи жасамақ болған әйел адам суға түсіп кетті

/
Ертіс өзенінің үстіне шығып, селфи жасамақ болған әйел адам суға түсіп кетті
istockphoto.com
Құтқарушы Данил Соловей мұзға шығуға тыйым салынғанын еске салады

Суға түсіп кеткен әйелді ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Павлодар қаласының Орталық жағалауында Ертіс өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында көріп қалған, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар 1994 жылы туған әйелді жедел түрде судан шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Белгілі болғандай, ол сүретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ мұз шыдамаған соң суға түсіп кеткен.

Құтқарушы Данил Соловей мұзға шығуға тыйым салынғанын еске салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары