290
Алматыда интернет-алаяқтар жұмыс істеген Call-орталық анықталды
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Алматы полицейлері сall-орталықты жойып, 24 күдіктіні ұстады. Олардың бесеуі шетелдік азаматтар.
Күдіктілер көрші мемлекеттің азаматтарын криптовалюта мен қор нарығына инвестиция салуға шақырып, алдаумен айналысқан.
Кеңседе 55 компьютер, 6 ноутбук, 30 ұялы телефон, көрші мемлекет азаматтарының деректері, әртүрлі нұсқаулар жазылған блокноттар табылып, тәркіленді.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.