Ақтөбеде оқу орындарының бірінің үш студенті ұсталды.
Polisia.kz мәліметінше, олар 18 жастағы екі жәбірленушіні қорқытып, 100 мың теңгеге жуық қаражат бопсалаған.
Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандар кінәсін мойындады.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.