207
Жетісу облысында құны 111 миллион теңге болатын жер телімі қайтарылды
Жер телімінің жалпы ауданы 26 мың гектер.
Жетісу облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясыңда, пайдаланылмаған жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жерді пайдаланушылар заң талаптарын бұзып, ұзақ уақыт бойы 38 жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбаған.
Қаратал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 26 мың гектар, кадастрлық құны 111 миллион теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды.