Астанада жиһаз цехында өрт шықты

Қызыл жалынның шығу себебі мен шығын көлемі анықталуда

Астанада жиһаз цехында өрт шықты
ТЖМ
183

Байқоңыр ауданы Ақсай көшесі бойындағы бөлек тұрған жиһаз цехының ғимаратында жинақталған қоқыс пен станоктар жанған, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ күштері қысқа мерзімде 40 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынның шығу себебі мен шығын көлемі анықталуда.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары