Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупінің күшеюіне байланысты екі жол уақытша жабылды.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, облыстық маңызы бар екі тасжолда барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.
– Сағат 18:00-ден бастап Өскемен-Тарғын-Самар тасжолының 88-145 шақырымы (Жоғарғы Тайынты мен Самар аралығы), ал сағат 20:00-ден бастап Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік тасжолының 30-60 шақырымы (Зоя Космодемьянская лагері мен Солтүстік жолы аралығы) жабылды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Құтқарушылар тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жағдайын «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеруге кеңес берді.