215
Сандуғаш Кенжебаева екінші рет Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Қазақстандық-чехиялық жұп матчта 1:6, 6:1, 10:8 есебімен жеңіске жетті
Қазақстандық 19 жастағы теннисші Сандуғаш Кенжебаева Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 турнирінің жұптық сайысында чемпион атанды.
Сандуғаш чехиялық 18 жастағы әріптесі Элиска Тихачковамен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, германиялық Софи Стойер мен бельгиялық Амели Ван Импеге қарсы ойнады.
Қазақстандық-чехиялық жұп керемет камбэк жасап, бір сағаттан сәл асқан матчта 1:6, 6:1, 10:8 есебімен жеңіске жетті.