320
Семейде оқушы қызды қатарластары топтасып ұрған
Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерімен бірге орталық полиция бөліміне жеткізілді
Семейде «Комфорт» сауда орталығының жанында бір қызды соққыға жыққан бір топ оқушы қыздың кім екені анықталды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.
Azattyq Ryhy сайтының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті төбелеске қатысушылардың барлығының аты-жөні анықталғанын хабарлады.
«Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерімен бірге орталық полиция бөліміне жеткізілді. Ересектердің қатысуымен жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп түсіндірді департаментте.
Оқиға материалдары Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының қарауына жіберілді.
Кінәлі жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.