Тайландтан тапсырыспен есірткі алдырған адам 16 жылға сотталды

Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 банканың ішінде есірткі заттары анықталды.

Тайландтан тапсырыспен есірткі алдырған адам 16 жылға сотталды
ҚМА
174

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы  фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады

Еске салсақ, Алматы облысы Іле ауданының «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне жалпы салмағы 800 граммға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) есірткі заты бар пошта жөнелтілімі келіп түскен.

Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің «Telegram» мессенджерін пайдаланып, Таиландтан есірткіге тапсырыс бергені белгілі болды.

Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 банканың ішінде есірткі заттары анықталды.

Сот үкімімен кінәлі тұлғаға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тәркіленген есірткі жойылды.

Серіктес жаңалықтары