82
Ресей ұшатын автокөлік шығармақ
Ресейде ұшатын автокөлік инновациялық жобасы жүзеге асырыла бастады. Мәскеу қаласындағы «Филатов» конструкторлық бюросы ұсынған ИФ-9 деп аталатын екі орынды көлік қаңтар айында алғашқы сынақтан өтеді.
ИФ-9 ұшатын автокөлігі – бұл тек жер бетінде емес, ауада да еркін қозғалатын заманауи транспорт. Көлік жер бетінде жүріп келе жатып квадрокоптерге айналуға қабілетті.
Жобаның басты артықшылығы – қауіпсіздік жүйесі. Егер ауада қандай да бір апатты жағдай орын алса, жолаушылар катапульта арқылы көліктен шығып, парашютпен жерге қауіпсіз қона алады, – деп жазды ресейлік БАҚ.
Айта кетсек, осындай инновациялық транспортты жасап жатқан жалғыз ел Ресей емес. Қытайлық Xpeng компаниясы да осыған ұқсас жоба әзірлеп жатыр.