Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханалары жойылды

Соттың санкциясымен 5 адам қамауға алынды, оның екеуі шетел азаматтары.

Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханалары жойылды
Бас прокуратура
91

Жетісу облысында синтетикалық есірткі өндіретін 2 жасырын зертхананың жолы кесілді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімедеді.

Заңсыз айналымнан 10 кг-нан астам «мефедрон», шамамен 5 кг сұйықтық (кристалдану процесінде), 200 литр прекурсорлар, электронды таразылар, синтетикалық есірткі өндіру нұсқаулары бар дәптер, сұйықтық құйылған канистрлер, сондай-ақ «синтетик» өндіруге арналған құрылғылар тәркіленді.

Соттың санкциясымен 5 адам қамауға алынды, оның екеуі шетел азаматтары.

 Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары