Сыбайлас жемқорлық жасағандардың аты-жөні жария тізімге енгізіледі
Оның басты мақсаты – қоғам арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру.
Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандардың жария тізілімі пайда боладыі.
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын талқылау кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлім етті.
«Сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу ескерілген. Бұл – профилактикалық құрал. Оның басты мақсаты – қоғам арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру. Тізілімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер қамтылатын болады. Мәліметтер тек заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде қосылады», - деді Ұ. Сарқұлов.
Оның айтуынша, тізілімінен ақтау үкімінің заңды күшіне енуі және соттылықтың өтелуі негізінде шығару мүмкін болады. Тізілім агенттіктің сайтына орналастырылады. Тізілімді жүргізуді агенттікке бекіту көзделіп отыр.