Шетелдік маркетплейстерге Қазақстанда тіркелу міндеттеледі

Арман Шакқалиев шетелдік маркетплейстерді тіркейтін электрондық платформаны енгізу жөнінде бастама көтерді.

Шетелдік маркетплейстерге Қазақстанда тіркелу міндеттеледі
istockphoto.com
144

Сауда және интеграция министрлігінің басшылығы шетелдік онлайн-дүкендердың қызметін қайта қарауды ұсынды.

Ведомство басшысы Арман Шакқалиев шетелдік маркетплейстерді тіркейтін электрондық платформаны енгізу жөнінде бастама көтерді.

Бұдан басқа тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушы құқығын қорғау, жеке деректі сақтау және қорғау, салық және кеден жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарланып отыр. 

Министрліктің мәлімдеуінше, мұндай шара қабылдауға Қазақстаннан тыс жерде орналасқан шетелдік онлайн-сауда алаңдарына азаматтар шағымының көбеюі себеп болған.

Серіктес жаңалықтары