222
Министрлік республикалық «Ұлттық кітап» байқауын жариялады
Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады.
Ұлттық кітап» байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Байқау Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай өткізіледі.
Байқаудың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету. Аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.
Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:
- Балаларға арналған үздік кітап
- Үздік комикс
- Нон фикшн жанрындағы үздік кітап
- Детектив жанрындағы үздік кітап
- Сатира жанрындағы үздік кітап
- Үздік илюстрациялық кітап
- Үздік аударма кітабы
- Фантастика жанрындағы үздік кітап
- Үздік баспа
- «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы
Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді.
Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады.
Байқауға өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 775 897 7788
Айта кетсек, Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа мереке – «Ұлттық кітап күні» бекітілді. Мереке алғаш рет 23 сәуірде атап өтіледі.