ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассалары шет мемлекеттерде ашылмақ

ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассалары шет мемлекеттерде ашылмақ

ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассалары шет мемлекеттерде ашылмақ
ашық дереккөзі
Қазақстанның барлық облыстарында ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассалары ашылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазіргі уақытта біздің билеттер «Марвин»-«Меломан» ритейл-желісінің 15 нүктесінде және "Қазпоштаның" 1 мыңға тарта бөлімшелерінде сатыла бастады. Осы аптада билеттер республикадағы барлық 220 теміржол вокзалының кассаларында да сатылатын болады", - деді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев. Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесінің билет құны 4 мыңнан 8 мың теңге аралығында. Билеттерді онлайн кассаларда немесе Қазақстанның облыс орталықтарында ғана емес, Ресейдің 7 қаласынан да сатып алуға болады. Олар: Мәскеу, Санкт-Петербор, Сочи, Қазан, Новосібір, Нижний Новгород және Екатеринбор. Барлығы Ресейде билет сататын 45 орын бар. "Ресейде сату орындарының санын арттыра береміз. Билет кассаларын өзге мемлекеттерден де ашу жоспарланған. Бұл мәселе қазір пысықталуда. Билет сатылымы біздің веб-сайт арқылы да жүргізілуде. Ол жерде басқа мемлекеттерге шектеу қойылмаған", - деп атап өтті ол. Бүгінгі күнге дейін ЭКСПО-2017 көрмесінің 670 мың билеті сатылған. Оның 13 процентін шетел азаматтары алған.