Желтоқсанда қазақстандықтар 50 мың баспана сатып алған

Ең көп пәтер Астанада сатылған.

Желтоқсанда қазақстандықтар 50 мың баспана сатып алған
istockphoto.com
Автор
Админ
149

2024 жылдың желтоқсанында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 50 046 келісімшарт тіркелген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның ішінде: жеке үйлер бойынша – 10 488, пәтерлер бойынша – 39 558.

2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда (39 421) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 27%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Астана (9 911 – 19,8%) және Алматы (8 845 – 17,7%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 638 – 7,3%) көш бастап тұр.

Бір жылда (2024 жылғы желтоқсан 2023 жылғы желтоқсанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 4,2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылы 7,9% жоғарылады.

2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы мәмілелер санын 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 16,8%-ға өсім байқалады.

 

Серіктес жаңалықтары