Екі өңірде көлік қозғалысы тоқтатылды
ҚазАвтоЖол компаниясы хабарландыру жасады.
Екі облыста ауа райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады turkystan.kz.
8 қаңтар сағат 20:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскеде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда.
9 қаңтар сағат 10:00-де жолды ашу жоспарланған. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ 8 қаңтар сағат 21:00-де Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты “Алматы-Өскемен” автожолының 276-325 шақырым аралығындағы учаскесінде (Талдықорған қаласынан Қызылағаш ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 9 қаңтар сағат 01:00-де ашу жоспарланған, - деп атап өтті компаниядан.