268
Футболшы Луис Суарес адам өмірін сақтап қалды
Суарес адам өмірін құтқару операциясына қатысты.
Оқиға Уругвай елінің Сьюдад-де-ла-Коста қаласында болған, деп хабарлады turkystan.kz.
Ер адам жеке өміріндегі мәселелерді көтере алмай, үйдегі зорлық-зомбылықпен күрес бөліміне хабарласып, өз-өзіне қол салғалы жатқанын мәлімдеген.
Содан кейін телефонын лақтыры, мойынына арқан салған күйі алты метрлік ағашқа өрмелеп шыққан.
Ал осы сәтте жақын жерде атақты футболшы келіншегімен бірге демалып жүрген. Болып жатқан жағдайды естігеннен кейін олар оқиға орнына келген.
Ұзаққа созылған әңгімеден кейін суицид жасамақ болған адам райынан қайтқан. Қазір ол психиатриялық талдаудан өтіп жатыр.
Осы жайт турасында әлемдік спорт басылымдары жарыса жазуда.