Түркістан облысында атпен серуендеп жүрген әйел тау жиегіне құлап кеткен (ВИДЕО)

/
Түркістан облысында атпен серуендеп жүрген әйел тау жиегіне құлап кеткен (ВИДЕО)
Сурет: www.istockphoto.com
ТЖМ құтқарушылары таулы аймақта әйелді эвакуациялады.

Бүгін Түркістан облысы Төле би ауданы Мадени ауылынан 5 шақырым жерде 1993 жылы туған әйел атты серуен кезінде тау жиегіне құлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға салдарынан әйел түрлі жарақаттар алған.

"ТЖМ құтқарушылары зардап шеккен азаматшаны зембілмен жоғары көтеріп, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне табыстады", — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары