Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының бәрі ашық

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының бәрі ашық
istockphoto.com
Автор
Админ
170

2025 жылғы 5 қаңтардағы сағат 17:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылмаған.

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 704 арнайы техника мен 1905 маман жұмылдырылды.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.  

«ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерден жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтауды сұрайды.  Жолдағы қауіпсіздік жүргізушілерге байланысты!

Серіктес жаңалықтары