ШҚО-да құрылыс компаниясының менеджерлері 1,8 млрд теңге жымқырған

Екі күдікті 102 азаматты алдап, құрылысқа үлескер ретінде қатысуға жалған келісімшарттар жасағандары анықталды.

ШҚО-да құрылыс компаниясының менеджерлері 1,8 млрд теңге жымқырған
istockphoto.com
227

Өскеменде құрылыс компаниясының топ менеджерлері 1,8 млрд теңге қаражат жымқырған, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Екі күдікті 102 азаматты алдап, құрылысқа үлескер ретінде қатысуға жалған келісімшарттар жасағандары анықталды.

Іс жүзінде тұрғын үй нысанының құрылысы созбалаңға түскен. Мерзімдері бірнеше мәрте ұзартылғанымен, көппәтерлі үй кешенінің құрылысы аяқталмаған.

Компаниялар заң талаптарын бұзғанын және үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмағандығын атап өткен жөн.

Қазір күдіктілер соттың санкциясымен ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккен азаматтарға қаражаттарын қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары