253
Семейде жарыс кезінде Ертіс өзеніне көлік құлап кеткен
Алдын ала мәлімет бойынша көлік ішінде төрт адам болған, деп хабарлайды Семей қаласы Полиция басқармасы.
2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 06:00–де Абай облысы Семей қаласы Полковничий аралында Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне түскені туралы хабарлама түсті.
— Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік ішінде төрт адам болған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және барлық азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, — делінген хабарламада.