1613
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
Бұл туралы Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы мәлімдеді
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы мәлімдеді.
«ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 қаңтарда Астана уақыты бойынша 12 сағат 5 минут 55 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан», – делінген жедел ақпаратта.
Жер сілкінісі сезілмеген.