Белгілі әнші Ерке Есмахан оқырмандарын жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Ерке Есмахан желідегі оқырмандарына жаңа жылға ақжарма тілегін арнады. Сондай-ақ әнші отбасылық суреттерін жария етті.
«Аман-есен жаңа 2025-ші жылды бастап кеттік. Құтты болсын! Әрқайссыңызға денсаулық, бақыт, байлық, махаббат тілейміз. Бақтарыңыз еселенсін. Еліміз аман, жеріміз тыныш, халқымыз бейбіт өмір сүрсін. Барлық армандарыңыз орындалсын», - деді әнші Ерке Есмахан.