жұма, 18 сәуір, 2025

Қазақстандықтар қаңтарда қалай демалады?

/
pixabay.com
2025 жылдың алғашқы айында қазақстандықтар 11 күн демалады.

Қаңтар айында біз Жаңа жыл мен Рождество мерекелерін атап өтеміз. Елде Жаңа жылға байланысты ресми демалыс күндері – 1, 2, 3, 4 қаңтар, ал Рождество мерекесіне – 7 қаңтар бекітілген.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтар жексенбі жұмыс күні болып жарияланды.

Осылайша:

 • бес күндік жұмыс аптасы үшін: 1, 2, 3, 4 және 7 қаңтар демалыс күндері болып есептеледі;

 • алты күндік жұмыс аптасы үшін: 4 қаңтар жұмыс күні болады, ал 1, 2, 3 және 7 қаңтар демалыс күндері болып саналады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары