563
Бір апаттан аман қалған жүргізушіні екінші көлік қағып кеткен
Оқиға 30 желтоқсан күні болған.
Ақмола облысында, Ақмешіт ауылының маңында Екатеринбург – Алматы автожолының 1186 шақырымында жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын-ала дерек бойынша «ГАЗель» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Жүргізуші мен жолаушысы сыртқа шығып, көлікті қарап жатқанда артында келе жатқан Toyota Estima жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. 53 жастағы «ГАЗель» жүргізушісін қағып, опат қылған. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Жеңіл автокөліктің үш жолаушысын жедел жәрдеммен ауруханаға алып кеткен.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.