Павлодарда бюджетті дұрыс жоспарламаған шенеунік жазаланды

Павлодарда бюджетті дұрыс жоспарламаған шенеунік жазаланды
istockphoto.com
389

Тәртіптік жауапкершілікке тапсырыс беруші – ТКШ бөлімінің басшысы тартылды.

Биыл Толстой көшесінен Циолковскийге дейінгі аралықта бригадалар Қамзин көшесіндегі жабындарын ауыстырды. Жоба 64 миллион теңгені құрады.

–  Ол мамыр айында аяқталды. Бірақ шілде айында коммуналдық қызметтер магистральдік желілерді өзгерте бастады. Бұл жөнделген асфальт төсемінің бұзылуына алып келді, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Медет Амралинов.

Бюджетті дұрыс жоспарламағаны және жұмсамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тапсырыс беруші – ТКШ бөлімінің басшысы тартылды. Тәртіптік жазаны тағы бір шенеунік көтерді.

–     Ақпан айында Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты кентішілік көшелерді ағымдағы жөндеу бойынша бір мердігер ұйыммен 111 миллион теңгеге сегіз шарт жасасты, – деп толықтырды Медет Амралинов.

 

Бұл ретте ауыл көшелерінде асфальт жабыны болмаған.

Ағымдағы жөндеу қайта құрудан айырмашылығы жобалау-сметалық құжаттаманы, мемлекеттік сараптама мен техникалық қадағалауды дайындауды талап етпейді. Антикордың ұсынысы бойынша ауыл әкімі ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік қызметшіге 295 мың теңге айыппұл салынды.

Бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті спорт, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, еңбек және әлеуметтік қорғау, авариялық және тозығы жеткен тұрғын үйлер, автожолдарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жөндеу салаларын тексерді. Спортта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша бұрын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған футбол клубының шығындары оңтайландырылды.

Серіктес жаңалықтары