251
Атырау облысында ауыл мектебінің директоры оқушыларға қол көтерген
Аталған жағдайға байланысты білім басқармасы түсініктеме берді.
Құрманғазы ауданында ауыл мектебінің мұғалімі оқушыларға қатысты этиканы бұзғаны үшін тексеріліп жатыр. Желіде мұғалім мен оқушылар арасындағы жанжал түсірілген видео пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Құрманғазы ауданында ауыл мектебінің мұғалімі оқушыларға қатысты этиканы бұзғаны үшін тексеріліп жатыр. Желіде мұғалім мен оқушылар арасындағы жанжал түсірілген видео пайда болды. Аталған жағдайға байланысты білім басқармасы түсініктеме берді.
«2024 жылдың 4 қарашасында С.Т. Жұпарғалиев Қадыр Мырза Әлі атындағы орта мектептің директоры болып тағайындалды. Оның білім саласындағы жалпы өтілі – 35 жыл.
Тағайындалған кезде ата-анадан да, мектеп ұжымынан да шағымдар түскен жоқ. Ол конкурстан барлық талап пен критерийлерге сай, жалпы негізде өтті.
Білім басқармасы бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс бастады. Оның қорытындысы бойынша заң аясында шаралар алынады», - делінген хабарламада.